Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы қаңтар оқиғасы кезіндегі бұзақылар туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Руфан Рагимовтың айтуынша, бір топ адам тәртіп сақшыларын соққының астына алған. Өздерінің көптігін пайдаланып, тас, арматура лақтырып, күш көрсеткен.
"Полицейлердің бір тобы Сейфуллин көшесімен бұзақыларға қарай оңтүстік жаққа бет алды. Ал екінші топ Тимирязев көшесімен шығыс бағытқа аттанды. Сол сәтте екі жақ бір-бірімен кездесіп қалды. Бүлікшілердің қолында тас, арматура, темірлер болды. Олар тас лақтырғанда, басымыздағы каскаға дейін ұшып кетті", - деді ол.