26 шіл, 2022 сағат 20:14

Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өткізді


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.