14 жел, 2022 сағат 10:51

Смайылов өзіне "сенімсіз" министрлерге: Қазірден орынды босата берсеңіздер болады


Премьер-министр Әлихан Смайылов өз мүмкіндіктеріне сенбейтін министрлерге орнын босатып беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Үкімет осы құраммен Жаңа жылға аяқ басуға бола ма деген сұраққа нақты жауап күтетінін айтқанын еске салды.

"Премьер-министр ретінде мен Президент жүктеген тапсырмалардың орындалып, нәтижелі шешілуі үшін бәрін жасаймын. Әр қазақстандық жұмыстың нәтижесін сезінуі үшін мұндағы Үкіметтің әр мүшесі тиімді жұмыс істейді деп күтіледі. Қойылатын талаптар өте жоғары. Өз қабілеттеріне сенімді емес және шешім қабылдай алмайтындар қазірден орынды босата берсеңіздер болады. Біз халықты қолдайтын, батыл шешім қабылдап, оның жауапкершілігін көтере алатындармен ғана жұмысты жалғастырамыз", - деді Смайылов Үкімет отырысында.