13 шіл, 2022 сағат 10:22

Смайылов КҚК жағдайына қатысты пікір білдірді

Фото: facebook.com/cpcpipe

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтуге қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"5 шілдеде Новороссийсктегі Приморск аудандық соты КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілдеде біз ресейлік әріптесіміз – Үкімет төрағасымен байланысып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу жоқ", - деді Үкімет басшысы Qazaqstan телеарнасындағы "Жаңа Қазақстан" бағдарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Кейін Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертті.