10 нау, 2022 сағат 11:49

Смайылов халық табысын арттыру бағдарламасын түсіндірді


Қазақстанның Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халық табысын арттыру бағдарламасын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Смайыловтың айтуынша, Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы мемлекеттің басты назарында болуы керек екенін атап көрсеткен. Сондықтан, бүгін ұсынылған халықтың табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың тұрмысын жақсарту және әлеуметтік-еңбек саласында тәсілдерді жаңалау үшін әзірленгені айтылды.

"Құжат бірінші кезекте халықтың нақты табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Ол жүйелі индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы іске асырылады", - делінген Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ, үкімет басшысы халықтың табысын арттыру бағдарламасы туралы айтты.

  • Жеке үй шаруашылықтарын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, микрокредит беру ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға ықпал етеді.
  • Оқу бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер жанынан карьерлік орталықтар құрылады, ал бос жүрген жастарды жұмысқа тарту нақты шаралар арқылы іске асырылады.
  • Барлық мемлекеттік ұйымның алдында ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын құру міндеті тұр.