30 қар, 2022 сағат 20:33

Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына талап қойды


Сәрсенбі, 30 қарашада Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті.


Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.