Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар 36 жолаушысымен жолда қалған қырғызстандық нөмерлі автобусқа көмек көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылжар ауданы Соколовка елді мекенінің маңында Қырғызстан Республикасынан Ресейге бет алған «Setrа» автобусы сынып қалады. Көлікте Екатеринбургқа бара жатқан 36 адам, оның ішінде 8 бала болған. Ең кішкентайы небары 1 жас 2 айда ғана. Қыстың көзі қырауда жолда қалған жолаушылар құтқарушылардың 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
Төтенше жағдай департаментінің жедел кезекшілері бірден тиісті қызметтерді хабарландырды. Оқиға орнына Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімнің, аудандық әкімдіктің мамандары жетті. Полиция қызметкерлерімен бірге олар жолаушыларды Соколов орта мектебіне жеткізілді.
«Жолаушыларды мектеп әкімшілігі мен «Қарлығаш» жеке кәсіпкерлігінің аспаздары қарсы алып, бірден ыстық шай берді, тамақтандырды. Олар жылынғанша көлікті жөндедік. Автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан екен. Шетелдіктер ауқаттанып алып, бірден жолға шығып, бізге алғыстарын білдірді», - дейді СҚО ТЖД мамандары.