03 қаң, 2018 сағат 12:30

СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасалды (Видео)

СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, қарақшылық шабуыл 31 желтоқсанда болған.

"Облыс полицейлері 31 желтоқсанда "Челябі-Новосібір" автожолындағы "ҚазМұнайГаз" бекетіне бетперде киіп, шабуыл жасаған екі адамды іздестіріп жатыр. Дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызылжар аудандық ІІБ мен облыстық ІІД-ден күшейтілген жедел-тергеу тобы құрылып, осы қылмысты ашу бойынша шара жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.