11 қар, 2022 сағат 07:15

СҚО-да түрмеде төбелес болып, бір адам қайтыс болды


Солтүстік Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда төбелес болып, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"9 қарашада СҚО Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде 1994 және 1976 жылы туған сотталғандар арасында жанжал орын алды. Оның барысында сотталғандардың бірі екіншісінің басына соққы жасаған. 

Салдарынан 1976 жылы туған жәбірленуші Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан қайтыс болды" - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелген.

Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.