СҚО-ның Уәлиханов ауданындағы су басу қаупі бар Қаратал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаратал ауылының тұрғындары эвакуациялық бекет - Қулыкөл ауылындағы мектепке уақытша орналастырылды.
Бүгінгі таңда Қулыкөл мен Қаратал арасын жалғастыратын жолды су шайып кетті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, төтенше жағдай бұл ауылдарда соңғы рет осыдан 5 жыл бұрын болыпты. Ол кезде қызыл су толығымен ауылға кірген екен.