ҚР Ұлттық гвардия академиясы курсанттарының АК-74 автоматымен жаттығуы барысында жұмысшыға оқ тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылдың 4 сәуірінде ҚР Ұлттық гвадрия академиясының атыс алаңында курсанттардың оқу тобының жеке құрамымен АК-74 автоматынан оқ ату жаттығуы өткізілді. Сағат 13.00-ден кейін құм қазып жатқан жұмысшының жеңіл жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Мән-жай анықталғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету үшін оқ ату барысын қамтамасыз ететін кезекші фельдшер мінген санитарлық көлік жіберілді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, академия лазаретінің жедел жәрдем көлігімен Петропавл қаласы ауруханасының травматология пунктіне жеткізілді», - делінген аталған академия баспасөз қызметі хабарламасында.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, оқ ұшып жететін кеңістік аумағындағы құм қазу жұмыстары ҚР Ұлттық гвардия академиясы басшылығымен келісілей жүргізілген.
Ойпаң жерде жүргізілген құм қазу жұмыстары шеп бекеттеріне және орталық басқару пунктіне байқалмаған.
Оқ атуды ұйымдастыру және өткізу туралы басшылық құжаттар талаптарына орай жаттығу барлық шарттарға сәйкес орындалған:
- әскери атыс алаңында оқу ату жүргізілетіні ауылдық округтердің (Берёзовский) әкімшілік аппаратына, өзара іс-қимыл жасаушы органдарға хабарланды;
- Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларының әуе кеңістігін басқару орталықтарына әуе кеңістігін пайдалануға арналған өтінім, одан кейін оқ атудың басталғаны және аяқталғаны туралы баяндама жіберілді.
«Зардап шегушінің жағдай бірқалыпты деп бағаланады. Ол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне кетті. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп атап өтеді академиядан.