Фото: официальный сайт мэра Москвы/mos.ru
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ер адамды аю тістеп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға "Абакшино" демалыс аумағындағы хайуанаттар бағында болған.
"43 жастағы ер адам хайуанаттар паркіне жұмысшы ретінде орналасқан. Ол аумақты жинау және жануарларды азықтандыру үшін қызмет көрсету шарты бойынша сынақ мерзімінде жүрген. Сол кезде оған қоңыр аю шабуыл жасаған", - дейді ведомство.
Ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
"Дәрігерлер ота жасап, қатты жараланған бір қолын кесті. Қазіргі күні екінші қолын аман алып қалу үшін күресіп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.