сурет ашық дереккөзден алынды
СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі ("Зорлау") бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
"Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.