Маңғыстаудағы ежелгі қорымдардың бірі Сисем Ата басында ас беріліп, мәдени шаралар өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жалпыхалықтық шараға 130 киіз үй тігіліп, он мыңнан астам адам жиналған.
Екі күнге созылған шарада ел ақсақалдары мен азаматтары сөз сөйлеп, астың ұйымдастырылу мағынасын түсіндірді.
«Бүгінгі беріліп жатқан ас – мызғымас бірліктің айшықты үлгісі. Ойы ортақ мүдде арнасында тоғысқан ел азаматтарының жемісті жобасы. Бірлік пен берекеге бастау болар игі шара бұдан әрі де өз жалғасын табарына сенімім мол», - деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.