18 нау, 2020 сағат 16:36

Синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады

Ауа райының қолайсыздығына байланысы екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 20-21 наурыз күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. 

19 наурыз күні күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с құрайды.