10 ақп, 2020 сағат 15:52

Синоптиктер: Ақпанның 11-і күні ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

11 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі.

11 ақпанда түнде Түркістан облысының кей жерлеріне қалың қар жауады. Кей жерлердге тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан қаласында 11 ақпанда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкент қаласында 11 ақпан күні түнде қалың қар жууы ықтимал. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады.

11 ақпанда Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетау қаласында 11 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның екпіні 15 м/с-ке жетуі ықтимал.

11 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавл қаласында 11 ақпан күні күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

11 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 10-15°С-қа төмендеп, кей жерлерде 18°С аяз болады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына ешқайда асықпауға, жолға шықпас бұрын ауа райын алдын ала біліп алуға кеңес береді. Егде жастағы адамдардыі көшеге шықпағаны дұрыс. Егер көшеге шығу қажет болған жағдайда ұшы резеңке немесе үшкір таяқ алып жүрген жөн. Құлап қалмау үшін қолды қалтаға салмау керек.

Көктайғақ кезінде жол апаты көбейеді. Жолдағы апаттық жағдайдың алдын алу үшін жылдамдықты, қашықтықты сақтаған дұрыс.