05 нау, 2020 сағат 12:35

Синоптиктер 3 өңірде ескерту жариялады

Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде оның күші 15-20 м/с артады.

6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болжанады. 6 наурызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 7 наурызда желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.

6 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с артады.