Төтенше жағдайлар комитеті және Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабтары Шығыс қазақстан облысындағы жаңбырдан кейінгі қарғын суды азайту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды өңірдегі ТЖК баспасөз қызметі.
«Екі қала мен 10 аудан су тасқыны зардабын тартып отыр. Комиисия шығындарды есептеу үстінде. 50 мың текше метр су сорғытылды. Қауіпті жерлерге 8000 құмқап төселді. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қауіпті жерлер әуе бақылауына алынды»,-деп жазылған хабарламада.
Аягөз, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Зайсан, Глубокое, Катонқарағай, Зырян, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларына бекеттер қойылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жағдай әзірге қалыпты.
16-17 наурызда синоптиктер күн жылынып, өзендердегі су көлемінің артатынын ескертеді.