12 қыр, 2023 сағат 19:16

СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды" - делінген ресми мәлімдемеде.