29 қаз, 2018 сағат 16:35

СІМ Сирияда "қазақстандық әйелдердің өлгені туралы" хабарды тексеріп жатыр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) "Сирияда қазақстандық әйелді өлтіргені" туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады.

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте бұл ақпараттың дереккөзі әлі расталмағанын, сондықтан оны анықтаудың біраз уақыт алатынын айтты. "Сирия аумағында заңды және заңсыз жүрген біздің азаматтарымызға қатысты барлық мәселені Иорданиядағы елшілікке тапсырамыз" деді.

Өткен аптада "Ақтөбе таймс" басылымы Сирияда Солтүстік Кавказдағы Сириядағы әйелдер мен балаларды еліне қайтарумен айналысатын ұйымға сілтеме жасап, "қазақстандық үш әйелдің өзге бір қазақстандық әйел мен баланы елге қайту үшін ақшасын тартып алмақ болып өлтіргенін" хабарлаған. Басылым дерегінше, ол үш әйелді кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының (Қазақстан аумағында тиым салынған) содырлары ұстап алып, өлтірген".