Сурет: Otyrar.kz
Шымкентте ер адам бөшкеге құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
11 қыркүйекте 112 құтқару қызметіне ер адам кәсіпорында битум құйылған темір бөшкеге құлағаны туралы хабар түскен.
Құтқарушылар тыныс алу аппараты және арқанның көмегімен ер адамның денесін алып шықты. Бұл кезде оның қайтыс болғаны белгілі болды.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мәйіт полицияға және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді", - деді Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.