Нью-Йорктегі қанды оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Əнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Осы уақытқа дейінгі мəліметтерге сəйкес Нью-Йорк қаласында жүк көлігінің бір топ жаяу жүргіншіні басып кетуінен қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда", - деп жазды Жайнақов.
Еске сала кетсек, жүк көлігінің жүргізушісі - Өзбекстан азаматы 29 жастағы Суйфуло Саипов велосипедшілер жолағына түсіп, жолдағылардың бәрін қасақана басқан. Күдікті қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта болған төтенше оқиғадан 8 адам мерт болып, 15 адам жарақат алды», - деді мегаполис мэрі Билл де Блазио баспасөз мәслихатында.
Колумбияның федеральдық округінің полициясы қала тұрғындарына барынша абай болып, егер күдікті жайттарды байқаған кезде құқық қорғау органдарына хабар беруге кеңес берді.