Фото: polisia.kz
Шымкентте полиция қызметкерлері вейп өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан ер адамның әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Профилактикалық іс-шара барысында күдіктінің мессенджерлер арқылы тауарын жарнамалап, сатқаны анықталды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және өнімді кеңінен таратуға мүмкіндік берген.
Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі тәркіленді.
Полиция құқық қорғау органдары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымын және сатылуын қатаң бақылауда ұстайтынын ескертеді.
