03 сәу, 2023 сағат 19:09

СІМ басшысының орынбасары еліміздің Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын айтты

Фото: informburo.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко немістің Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Берлинде ресми сапармен жүрген Роман Василенко Қазақстан көпвекторлы, теңдестірілген, прагматикалық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Біз өз ұстанымымызды нақты белгіледік. Бұл БҰҰ Жарғысы негізінде мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттілігінен тұрады. Бұл ұстаным барлық серіктестерімізге түсінікті. Біз ресейшіл де, америкалық та, қытайшыл да позицияны ұстанбаймыз. Қазақстандық ұстанымдамыз, сыртқы саясатымыздың негізінде ұлттық мүдделеріміз жатыр", - деді СІМ басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, Қазақстан Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын немесе әскери қылмыстарын неге айыптамағанын айтты.

"20 миллион халқы бар, оның ішінде 3,5 миллион орыс, 250 мың этникалық украин тұратын Қазақстан үшін бұл – қайғылы соғыс, қауіпті қақтығыс. Сондықтан Қазақстан қантөгісті тоқтатуға және жанжалды реттеуге бар күшімен көмектесуге ұмтылады. Ресей мен Украина бұған ұмтылса, Қазақстан делдал рөлін атқаруға дайын екеніні президентіміз бірнеше рет айтқан", - деп атап өтті Василенко.

Ол делдал болу туралы ұсыныспен әлі айналыспағанын, алайда тараптар қаласа, осы рөлде әрекет етуге дайын екенін айтты.

СІМ басшысының орынбасары Украинада да, Ресейде де пікір тудырған "бұзылмайтын киіз үй" жобасына түсініктеме берді.

"Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетті, оның ішінде генераторлар, азық-түлік және дәрі-дәрмектер жеткізілді. Қазақстандық қоғамда бұл тақырып өте белсенді талқыланды. Қазақтарға арналған киіз үйдің ерекше қасиеті бар, бұл жылжымалы үй. Сондықтан біздің қоғамда бұл қадамдар өте жақсы қабылданды", – деп атап өтті Василенко.