Фото: ortcom.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-та жүрген 369 қазақстандықтың ұсталып, депортацияланатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Алайда, вице-министр Америкада заңсыз жүрген азаматтарға елден өз еркімен шығу ұсынылғанын атап өтті.
Егер бұл мүмкіндікті пайдаланбаса, олар мәжбүрлі депортацияға ұшырауы мүмкін.
Мәжбүрлі түрде шығарылған азаматтар үшін болашақта АҚШ-қа қайта кіру қиынға соғуы ықтимал.
"АҚШ аумағына кіру жабылады. Тағы қандай шаралар қолданылатынын білмеймін, бұл - штаттың саясаты, сондықтан ерікті түрде кету бұған дейін де болды және солай болып қала береді деп ойлаймын. Мұндай мүмкіндік Қазақстан азаматтары үшін де бар. Бұл мүмкіндікті пайдаланбайтындар мәжбүрлі депортацияға ұшырауы мүмкін", - деп түсіндірді ол.