05 нау, 2020 сағат 14:10

Шымкенттің тәртіп сақшылары арбатта қыз-келіншектерге арнап ән айтты

Шымкенттің тәртіп сақшылары қыз-келіншектерге арнап ән айтты. Арбатта гитарамен өлең айтқан полицейлердің бейне көрінісі әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала тұрғындары үшін күтпеген көрініс кеше болған. Құқық қорғау органының үш қызметкері көпшілік алдында вокалдық қырынан танылып, жұртшылықтың ықыласына бөленді. Полицейлердің тамаша тартуын қазір әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр Арбатта өнер көрсеткен полицейлердің екеуі махаббат туралы ән салып, қыз-келіншектердің алғысын арқалады. Ал, үшінші полицей гитарамен сүйемелдеді.

Белгілі болғандай, үшеуі де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органының өкілдері шым қаланың аруларын 8-наурыз мерекесімен осылай құттықтағысы келген.