Шымкентте айдың-күннің аманында аялдамада келе жатқан әйел асфальттың ойығына түсіп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқыс жағдай “Нұрсәт” ықшам ауданында орналасқан №80 мектеп маңындағы аялдамада болған. Бетонмен жабылған асфальттың ойылып қалған тұсын кейуана байқамаған.
Соның салдарынан оның аяғы жол бойындағы ойыққа түсіп кетті. Әйел адам өздігінен аяғын шығара алмай, құтқарушылар шақыруға тура келген. Олар бетонды сындырып, зардап шеккен әйелдің аяғын шұңқырдан шығарды.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оған қажетті медициналық көмек көрсеткен.
Желі қолданушылары зардап шеккен әйелді қалалық әкімдікті сотқа беруге шақырды. Көпшілігі бұл ойыққа мектеп оқушылары құлап кетсе, жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтады.