09 шіл, 2022 сағат 13:35

Шымкенттен елордаға бет алған ұшақ әуежайға қайта оралды


Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға қайтуына оралуына тура келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға ұшақ көтеріле бергенде болған.

"9 шілдеде Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын А320 ӘК-де КС 342 рейсінің биікке көтерілуі кезінде техникалық себептерге байланысты сол қозғалтқыш сөніп қалды. Экипаж барлық қажетті шараны қабылдап, жағдайды бақылауға алды және Шымкент әуежайына оралу туралы шешім шығарды. Қону ескертусіз өтті.

Бұл оқиғаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті бірлесіп тергеу жүргізуді жоспарлап отыр", - деді Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіндегілер. 

Жолаушылар FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне орналастырылды.