Шымкенттегі бірнеше тігін кәсіпорны бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуге көшті. Бұл шаралар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасынан кейін қолға алынып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мысал үшін, қаладағы «Гауһар» тігін фабрикасында 450 қызметкер жұмыс істейді. Мұндағы жұмысшылардың күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, маскалар тұрақты бағамен сатылатыны күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін қаладағы дәріханалардың басым көпшілігінде маска тапшылығы туындаған болатын.