05 шіл, 2019 сағат 13:50

Шымкентте жеті метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды

Шымкентте «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Домбыра» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы және болмысы екенін атап өтті.

«Түркістан» сарайының алаңында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында орнатылған ескерткіштің авторы - Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі 7,5 метр, ені 1,5 метр.

Ескерткіштің бір ерекшелігі - жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Шымкенттіктер енді мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады.


Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар сан сырлы күй әуенімен тыңдармандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін «Домбыра күні» деп белгілеп, 2018 жылы 13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын.