Шымкент қаласының Тассай мөлтек ауданында жерді заңсыз қазғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы Табиғатты қорғау полициясының қызметкерінен қоңырау келіп түскен. Ол Тассай мөлтекауданында заңсыз жер қазылып жатыр деп хабарлаған. Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына барып, заңсыз жер қазып жатқандардан түсініктеме алды. Жинақталған іс-құжаттар Экология департаментіне және Қаратау ауданы әкімдігіне, Жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданды», - делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.