Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетперде таққан адам пышақ, кастетпен қорқытып, жанармай құю бекеті кассирінен түскен қаражатты тартып алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ер адам таксиде жасырынуға тырысқан.
Жанармай құю бекетін тонады деген күдікке ілінген адам Шымкент ПД Қаратал ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.