23 қыр, 2022 сағат 10:35

Шымкентте жалған доллар мен есірткі сатқан ер адам сотталды


Шымкентте есірткі және жалған доллар сатқан ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде "мефедрон" синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Күдіктіге қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.