Фото: Otyrar.kz
Шымкентте 72 жастағы зейнеткер №1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 18 мамыр күні түнде шамамен сағат 23:30-да болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның мәйітінде зорлық-зомбылық белігілері табылмаған.
Оқиға орнынан хабарланғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскен. Алайда бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ.
Ол Әл-Фараби ауданына қарасты Айқап шағынауданында тұрған, отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын қарияның хәл-жағдайын білуге ұлы келген.
Қазір барлық нұсқа тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.