Шымкентте ұялы телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілдеде сағат 02:30-да жеке тұрғын үйде 1996 жылы туған азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында оның ұялы телефонын қуаттау кезінде ток ұрып, көз жұмғаны анықталды.
«Телефон тогының иісі жоқ, түсі болмайды, дыбыс шығармайды. Сондықтан бұл жағдайға аса абай болу керек. Электр тоғы ұрған кезде зардап шеккен өзіне көмек көрсету қабілеттілігі жоқтығынан қаупі ұлғаяды. Тоқтың әсері адамға ұзаққа созылған сайын, оқиғаның өліммен аяқталуы ықтимал», - делінген ескерту хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылы қалада осындай жағдаймен 4 адам көз жұмған еді. Оның ішінде екеуі 2004 және 2009 жылы туған балалар бар.