Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау дерегі анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келген залал сомасы 68 миллион 800 мың теңге болды" - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.