Сурет ашық дереккөзден алынды
Шымкент қаласында орналасқан неке сарайының ғимараты бұзылып жатыр. Оның орнына қонақ үй салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Шымкент қаласындағы сәулетті ғимараттың бірі – неке сарайы бұзылып жатыр. Жастар электронды түрде некеге тұру мүмкіндігіне ие болғандықтан, мекемеге деген сұраныс азайып кеткен. Ал, мамандардың сөзіне сүйенсек, инвесторлар бұл ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізіп, қонақ үй етпек.
«Бұл – «Береке-А» корпорациясына тиеселі ғимарат. Оны жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салған болатын. Мемлекеттен бұл нысанды күтіп ұстауға қаражат бөлінген жоқ. Енді кәсіпкер неке сарайының орнына қонақ үй салуды жоспарлап отыр. Себебі, қазір қалада қонақ үйге деген сұраныс артқан», - дейді Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Нұрбол Жүнісбеков.
Ғимараттың шатыры толығымен бұзылды. Қазір қабырғаларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.