26 мам, 2022 сағат 11:09

Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған


Шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, әлеуметтік желіні бақылау барысында жол ережесін бұзған бірнеше видео анықталған. Солардың бірі түлектер мінген кортеж.

"Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Hyundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу автокөліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 25 мамырда Шымкент қаласының патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты, оның ішінде 10 автокөлік айыптұраққа орналастырылды.