© elements.envato.com
Шымкентте кісі өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады. Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ер адам түнде тамырын кесіп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1962 жылы туған ер адам биылғы наурыз айының ортасында кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде ұсталған. Айыпталушы 2022 жылдың 20 сәуіріне өзіне қол жұмсаған. Ол бейнебақылау камераларына түсіп қалмауы үшін көрпе жамылыпты. Онымен бірге камерада тағы бес-алты адам болған.
Мекеме қызметкерлері дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдаған, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған. Оқиға орнына жеткен жедел медициналық көмек қызметкерлері күдікті қан жоғалтудан қайтыс болды деп мәлімдеді.
"Бұл дерек бойынша Департаментте қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. 11 мамырда жасалған суицид пен қашу дерегі өзара байланысты емес екенін ескеру керек. Қашқан адам мекемеге 7 мамырда келді", - деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, ҚАЖД күдіктінің бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болғанын хабарлады.
738 рет оқылды