ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген" - делінген хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.