28 мау, 2018 сағат 14:51

Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Шымкентте бүтіндей бір отбасын қырып салған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сот ақпан айында болған қанды оқиғаға қатысты соңғы нүктені қойды.

Естеріңізде болса, ақпанның сегізі Шымкентте бір отбасының үш мүшесін өлтіріп кеткен еді. 

Тергеу барысында анықталғандай, бұл қанды оқиғаға компьютер ойыны себеп болған. 21 жастағы тұрғын 26 жастағы азаматпен ойын ойнап, 250 мың теңге қарыз болып қалады. Қарызын қалай да болса алуды көздеген азамат өздігінше жоспар құрады да, берешек болып қалған жігіттің үйіне барады. Есікті оның жасөспірім інісі ашқан сәтте ауыр затпен ұрып өлтіреді. Кейін өзіне қарыз болған жігітті және оның 50 жастағы анасын да о дүниелік етеді. Үш бірдей адамды қырып салған ол үйден компьютер, екі ұялы телефон және 50 мың теңгені қолды етеді. Оқиға болған күннен екі күн өткен соң полицейлер оны Тараз қаласында ұстады.

Судья айыпталушы азаматқа ең ауыр жазаны тағайындады. Енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отырады.