"Хабар 24" кадры
Шымкентте көшенің жөндеу жұмыстары бес жыл бойы аяқталмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.
Адырбеков көшесінің құрылысы ұзақ мерзімге созылды. Бұл көше қаланың әкімшілік-іскерлік орталығына апарады. Сот процестері жұмысты баяулатып, жер асты коммуникациялар қиындық туғызды.
"Қазір бізге жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтауға уәде беріп отыр, бірақ қолайсыздықтар бар. Міне, біз баланы балабақшаға апарып, әкеткенде қиындыққа тап боламыз", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Елена Мезенцева.
2018 жылы тендерді Тараз қаласының компания жеңіп алды. Алайда мердігер өз міндеттерін орындамағандықтан, сот шешімі бойынша шарт бұзылды. Тағы да тендер жарияланған, бірақ келісім қымбаттады.
"Бастапқыда жобаның құны 1,6 миллиард болды. Қазір 2,6 миллиард теңгеге өсті. Цемент, арматура - бәрі қымбаттады. Бұл жұмысты орындау құнына әсер етеді. Сонымен қатар дизель қымбаттады. Дүниежүзілік экономика инфляцияға түсіп, барлығы қымбаттап жатыр. Сондықтан мердігерлер бюджетті көбейтуді сұрайды", - деді Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.
Қаражаттың едәуір бөлігі коммуникацияларды ауыстырып, жолды кеңейту үшін қосымша учаскелерді алуға жұмсалды. Жол ашылған кезде ақаулар анықталып, нысан жөндеуге қайта жабылған.
Адырбеков көшесінің ұзындығы 4 шақырымға жуық. Жоба бойынша мұнда 4 жолақты қозғалыс болуы керек. Қазір жұмысшылар суару науаларын жасап жатыр. Құрылыс аймағындағы үйлердің иелері мұндай жаңбыр жүйесі кептеліске әкелуі мүмкін деп қорқады. Олар қазірдің өзінде жаңа науалар жарылғанын айтты. Әкімдік мердігердің жұмысын әлі қабылдамаған.
Әкімдік жобаның толық аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңына қойған, ал жол уақытша бөліктеп ашылған.