Фото: otyrar.kz
Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап кетті. Қазір ол комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 23 шілдеде Қызылжар тұрғын үй алабында болған.
Сағат 22:30-да жедел жәрдемге хабарлама түскен. 2019 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, жекеменшік тұрғын үй ауласында тұрған бассейнге құлап кеткен. Бассейннің тереңдігі - 1,4 метр. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр, 1-дәрежелі комаға түскен.
591 рет оқылды