Белгілі қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Шымкентте 11-сынып оқушысы әкесі 7-сыныптан бері зорлап келе жатқанын мәлімдегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Таңсәрінің сөзінше, 16 жастағы қыз бұл оқиға туралы TikTok-та айтқан. Ол екі рет суицид жасамақ болған. Бірақ бұл жайт туралы тіс жаруға қорыққан. Көпбалалы отбасынан шыққан.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша тіркелді. Соталды тергеу бойынша қажет тергеу амалдары жүріп жатыр, оның ішінде, сараптамалар да тағайындалды. Жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Алайда кәмелетке толмаған қыз бен ата-анасы полицияға арыз жазудан бас тартты және зорлық дерегін жоққа шығарып отыр", - дейді Салтанат Қаракөзова.
Оның сөзінше, іс Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.