20 шіл, 2019 сағат 09:31

Шымкентте 1,5 мың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкентте 1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты жылды қорытындылаған прокурорлар кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 39-дан 23-ке азайғанын атап өтті. Сонымен бірге, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс 123-тен 94-ке төмендеген. Прокуратура заңсыз қылмыстық жауапқа тарту бойынша 10 фактіні жойды.

«Қоғамдық мүддені қорғау саласында қала прокурорлары 36 тексеру мен 78 талдау жұмыстырын жүргізіп, заңбұзушылықтарды жою жөнінде 130 ұсыным, 6 наразылық, 1 талап-арыз даярлаған. Нәтижесінде 434 мың тұлғаның құқықтары қорғалып, 1,5 мың тұлға тәртіптік, 70 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5,3 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді», - дейді қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы.

Игерілмеген 2,5 мың (14,5 мың га) жер учаскесі анықталып, ықпал ету актілері негізінде кадастрлық құны 4,8 млрд теңге тұратын 1,5 мың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.