© Photo: Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті
Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"24 шілде сағат 19.30-да ТЖ департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түсті.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы ер бала суға шомылған. Ол тереңдігі 120 см субұрқақтың ішінде тұншығып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаменті сот медициналық сараптама тағайындады" - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖД мәліметінше, қалада жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс жасап жатыр. Қала аумағында орналасқан субұрқақтар - Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының меншігінде.