15 шіл, 2022 сағат 11:33

Шымкентте 1 жасар сәби бассейнге батып кетті


Шымкентте 1 жасар бала бассейнге құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданы, Бершінтөбе көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Аулада қараусыз қалған сәби бассейнге құлап кеткен. Ата-анасы қасында болмаған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ал, Шымкент қаласының ТЖД сақтық шараларды әрдайым сақтау керектігін ескертеді.

«Балаларға судың жанында ересек адамның қарауынсыз бір минутқа қалуға мүмкіндік бермеу қажет. Нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты суға батуға бейім. Олардың денесімен салыстырғанда басы салыстырмалы түрде ауыр, ауырлық орталығы жоғары, сондықтан олар бассейнде, теңізде, ваннада және т.б. оп-оңай суға батып кетуі мүмкін», - дейді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Айта кетейік, шілде айының басында да Шымкентте 6 жасар бала бассейнге құлап, суға батып кеткен болатын.