Алғыс айту күніне орай Шымкентте 1 миллион құрт пен бауырсақ таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара қаладағы халық көп жүретін қоғамдық орындарда ұйымдастырылды. Ыстық бауырсақ пен аппақ құрт арнайы қапшықтармен таратылды. Сыртындағы «1 наурыз-Алғыс айту күні»-деген жазу да мерекені айшықтап тұрды. Мерекелік сыйлықты сауда – ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, темір жол вокзалы, базарлар мен студеттер көп тұратын шағын аудандарда жүрген тұрғындар алды.
Этноауыл тарихи кешенінде өткен іс-шараға қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, мерекенің мәні мен маңызының жоғары екендігін жеткізді.
Ал, этномәдени орталық өкілдері қазақ халқына алғыстарын айтты. Ақсақалдар елдің амандығын тілеп бата берді.