Шымкенттегі жатақханада студент қаза болды. Мегаполис полицейлері қос күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жігітке көмек көрсетіп үлгермеген.
Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.
Бұған дейін Нұрхат Дүйсеннің отбасында бес баланың жалғыз ұлы болғанын айтылған. 9-сыныптан кейін ол Манап Өтебаев атындағы Шымкент колледжіне оқуға түскен. Анасы қайғылы оқиғаға колледждегі ұрып-соғу себеп болғанына сенімді. Оның айтуынша, жігіт алғашқы күннен бастап оған ақша жіберуді сұраған.