12 шіл, 2022 сағат 17:25

Шымкент тұрғыны асыл тұқымды қой алуға бөлінген ақшаны жымқырған


ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 миллион теңгеге өтінім берген. Алайда соталды тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.